
Шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы 2025 жылғы Азия ойындарының топтық кезеңінде соңғы матчын өткізіп, жеңіске жетті, деп жазады Sportbugin.kz.
Қазақстан құрамасы соңғы ойында Оңтүстік Кореямен кездесті. Қарсыластар бірінші кезеңде есеп ашты.
Тартысқа толы матчта отандастарымыз 2:1 есебімен басым түсті. Үшінші кезеңнің соңғы минуттарында Роман Старченко жеңіс шайбасын соқты.
Осылайша Қазақстан ерлер құрамасы топтық кезеңнен бірде-бір жеңіліссіз плей-офф кезеңіне шықты.
Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі