![sofa](https://sportbugin.kz/wp-content/uploads/2025/02/sofa-1024x683.jpg)
Харбиндегі қысқы Азия ойындарында мәнерлеп сырғанаушылар бәсекесі жалғасуда. Қыздар арасындағы қысқа бағдарламада бұрынғы ресейлік спортшы Софья Самоделкина Қазақстан атынан өнер көрсетті, деп жазады Sportbugin.kz.
Экс-ресейлік спортшы қысқа бағдарламадан соң 63,61 ұпай жинап, төртінші орында келеді. Әзірге, алғашқы үштік мынадай:
1. Каори Сакамото (Жапония) — 75,03
2. Ким Чхэён (Оңтүстік Корея) — 71,88
3. Хана Йошида (Жапония) — 68,76
Азиада медалінің тағдыры еркін бағдарламадан соң анықталады.
Айта кетелік, Софья Самоделкина былтыр Қазақстанға ауысып келді. Бұған дейін ол Ресей намысын қорғаған.
Фото: Сали Сабиров