
Бакуде өткен дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирінен кейін Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) жаңартылған рейтингті жариялады, деп жазады Sportbugin.kz.
Аталған турнирде қола медаль жеңіп алған қазақстандық Ерасыл Қажыбаев рейтингте бірден 8 сатыға жоғарылады. Бұған дейін 31-орында тұрған Қажыбаев 23-орынға көтерілді.
Бұл турнирде Қазақстан сапынан тек қана Ерасыл Қажыбаев жүлдеге ілікті. Ол қола медаль үшін күресте грузин балуанын айқын басымдықпен жеңген болатын.