
Болгарияда бокстан кіші әлем чемпионаты саналатын дәстүрлі «Странджа» турнирі басталды. Алғашқы жарыс күнінен соң үш қазақ боксшысы келесі кезеңге өтті, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Бүгін өзбекстандық чемпион Абдумәлік Холиков (60 келі) Серік Теміржановқа, Асаходжа Муйдинходжаев (67 келі) Сабырхан Төреханға қарсы шығуы керек еді.
Алайда, Холиков Испанияда өтетін кәсіпқой бокстағы кездесуіне, ал Муйдинходжаев жарақатына байланысты Болгариядағы турнирден бас тартты.
Айта кетелік, екі боксшы да 2024 жылғы Париж Олимпиадасынд чемпион атанған.
Одан бөлек, бүгін шаршы алаңға шыққан Дәулет Молдашев (57 келі) әзербайжандық Зелимхан Сүлеймановтан ұтылды.
Санатәлі Төлтаев (67 келі) Болгария боксшысын 5:0 есебімен жеңді.