
Еркін күрестен Қазақстан чемпионы, Азия біріншілігінің күміс жүлдегері Асыл Айтақын өзінің олимпиадалық салмаққа ауысатын мүмкіндігі жайлы айтты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
«Қазір әлемдік федерация (UWW) күрестегі салмақ дәрежелерін өзгертеді деген сыбыс бар. Соның нәтижесін күтіп жүрмін.
Жалпы, 61 келіден олимпиадалық салмақ саналатын 65 келіге ауысатын ойым бар. Кім болса да, Олимпиадаға қатысқысы келеді ғой.
Негізі, 65 келідегі жігіттермен күресіп жүрмін. Бұл салмаққа да бейімделемін деп ойлаймын.
Әзірге, 61 келіде дайындала беремін. Осы салмақта әлем чемпионатында нәтиже көрсеткім келеді», — дейді Айтақын.
Асыл Айтақын еркін күрестен 6 1 келі салмақта сынға түсіп жүр.