
Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде қазақстандық Зейнолл Ыдырысов күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Зейнолла спорттық гимнастикадан тұтқалы ат снаряды бойынша күміс медаль иеленді. Ол 14.400 ұпаймен екінші орынға табан тіреген.
Алтын және қола медаль америкалық гимнастардың еншісінде кетті.
Брэндон Дэнг (14,633) бірінші, Патрик Хупс (14,533) үшінші орын иеленген.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының еншісінде қазір үш медаль бар. Бұған дейін Милад Карими (еркін жаттығу) мен Дмитрий Патанин (қоссырықтағы жаттығу) күміс жүлдеге қол жеткізген еді.