
Бүгін Сербияның Ниш қаласында бокстан әйелдер арасындағы ІВА әлем чемпионатының басталады. Қазақстан сапынан Алуа Балқыбекова мен Елдана Талипова алғашқы жарыс күнінде бақ сынайды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
50 келі салмақтағы Алуа Балқыбекова алғашқы кездесуін Кения боксшысына қарсы өткізеді.
Ал аса ауыр салмақта сынға түсетін Елдана Талипова бірінші жекпе-жегінде өзбек қызымен өзара мықтыны анықтайды.
Айта кетелік, әйелдер арасындағы әлем біріншілігі 9-16 наурыз аралығында өтеді.