
Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Нұрлыхан Шархан Австрияда өтіп жатқан Гран-при турнирінің ширек финалында сүрінді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
100 келі салмақта сынға түскен балуан турнир барысында Чехия мен Италия балуандарын ұтты.
Ширек финалда Нұрлыхан венгриялық Кристиан Тотпен белдесіп, қарсыласын таза жеңу мүмкіндігін алған.
Алайда, төрешілер әдіс татами сыртында жасалғандықтан, Шарханның «иппон» ұпайын есепке алмады.
Нұрлыхан Шархан израильдік Йосиф Шиминмен жұбаныш белдесуіне қатысып, жеңіліс тапты. Осылайша, ол жүлдегерлер қатарына ене алған жоқ.