
Белгілі функционер әрі сарапшы Леонид Вайсфельд ҚХЛ-да сүреңсіз ойнап жүрген «Барыс» командасын сынға алды, деп жазады Sportbugin.kz.
«Клубтың ең соңғы орында келе жатқаны жақсы емес. Мәселенің бары анық. Егер олар әрі қарай да өз хоккейшілерімен ойнайтын болса, команданың болашағы күмәнді.
Ең алдымен, команда тек өз ойыншыларынан жасақталады десе, клубта ақша бітті деген ой келеді.
Екіншіден, команданы өз хоккейшілерімен жасақтағанның өзінде, олар арқа сүйейтін мықтылар болуы керек.
Өз қазанында қайнай беретін болса, сенім де жоғалады», — дейді маман.