
5 сәуір күні Астанада үлкен бокс кеші өтеді. Аталған сынға қатысатын Махмұд Сабырханға басқа қарсылас іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Бізге белгілі дереккөздің хабарлауынша, Махмұдқа басқа қарсылас қаралып жатыр. Әзірге, Сабырханның кімге қарсылас атанары белгісіз.
Бұған дейін Махмұд Сабырхан филиппиндік Джей Фрэнсис Бураймен жұдырықтасаны айтылған еді.
Алайда, бізге белгілі дереккөз Махмұдтың қарсыласы өзгеретінін айтты.