
50kg WW - Yu Zhang (CHN) df. Svetlana Ankicheva (KAZ)
Күрес түрлерінен Иордания астанасы Аммандағы Азия біріншілігі жалғасуда. Өкінішке қарай, әйелдер күресінен Қазақстан командасы жақсы нәтижемен қуантар емес, деп жазады Sportbugin.kz.
Бүгін қола медаль үшін күрескен Светлана Анкичева (50 келі) моңғолиялық қарсыласынан 0:3 есебімен жеңілді.
Ал 59 келіде белдескен Гүлдана Бекеш (59 келі) қытайлық спортшыға мүлде қауқар көрсете алмады. Ол небары 48 секунд ішінде қарсыласына 0:10 есебімен жол берді.
68 келіде күрескен Ирина Казюлина да үнділік қарсыласынан ірі есеппен жеңілді.
Қазақстан әйелдер құрамасының үздігі Эльмира Сыздықова (76 келі) бірінші айналымда жеңіліс тапты. Ол Солтүстік Корея өкіліне 0:12 есебімен ұтылған.