
23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы Қазақстан чемпионатында алматылық еркін күрес шеберлері көш бастады, деп жазады Sportbugin.kz.
Еркебұлан Кешубаев жаттықтыратын алматылық балуандар үш салмақта финалға шықты.
61 келі салмақта Мерей Базарбаев чемпион атанды. Ол ақтық сында Жамбыл облысының өкілі Әбдінұр Иманбектен басым түсті.
65 келідегі Шерхан Әбіл мен 79 келідегі Ерхан Әбіл күміс жүлдені қанағат тұтты.
Ал 74 келідегі Егор Анчугин еншісінде қола медаль бар.
Жалпы командалық есепте 110 ұпай жинаған Алматы қаласы бірінші орын иеленді. Екінші орынды Шығыс Қазақстан облысы (95 ұпай), үшінші орынды Қызылорда облысы (91 ұпай) еншілеген.
Айта кетелік, алматылық балуандар 20 жасқа дейінгі балуандар арасындағы Қазақстан біріншілігінде де топ жарған болатын.