
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин үндістандық боксшы қыздардың жас ерекшелігіне күмәнмен қарайтынын айтты. Бұл туралы ол журналист Ақырыс Сейтқазының YouTube арнасында мәлімдеді, деп жазады Sportbugin.kz.
«Үндістандық боксшы қыздар ересектер арасында мықты деп айта алмаймын. Жасөспірімдер мен жастар арасында олар жақсы нәтиже көрсетеді. Бірақ оларға өз тарапымнан күмәнім бар. Біз 14, 15, 16 жастағы қыздарды шығарсақ, қарсы бетте ересек қыздар тұрады.
Кейбір адамдар Үндістанда адам саны көп болғандықтан, туу туралы куәлігі кеш беріледі деп айтады. Мүмкін, содан шығар?! Кім біледі?
Жалпы алғанда, үндістандық боксшылардан қорқудың қажеті жоқ»,- деді Елдос Сайдалин.