
Спорттық гимнастикадан Қазақстан ерлер құрамасы Хорватияның Осиек қаласында өтетін әлем кубогы кезеңінде бақ сынайды, деп жазады Sportbugin.kz.
Әлемдік додада ел намысын төрт спортшы қорғайды. Нариман Құрбанов пен Зейнолла Ыдырысов тұтқалы ат снарядында өнер көрсетеді. Милад Карими керме мен еркін жаттығуда бақ сынайды.
Асан Сәлімов қол тіреп секіруден сынға түспек.
Әлем кубогының төртінші кезеңі 10–13 сәуір аралығында өтеді.