
2028 жылғы жазғы Олимпиадада алғаш рет әйел спортшылардың саны еркектерден басым болады. Бұл туралы Халықаралық Олимпиада комитетінің спорттық директоры Кит Макконнелл мәлімдеді, деп жазады Sportbugin.kz.
2024 жылғы Париж Олимпиадасында тарихта алғаш рет әйел және ер спортшылардың саны теңескен болатын.
«Ойын бағдарламасына жалпы есебі 31 спорт түрі енеді. Олимпиадаға қатысатын спортшылар саны – 10,500. Оның ішінде, әйелдер – 5 333, ерлер – 5 167», — деді Макконнелл.
2028 жылғы жазғы Олимпиада 14-30 шілде аралығында Лос-Анджелесте өтеді.