
Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2028 жылғы жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын футболдан ерлер командаларының санын қысқартты, деп жазады Sportbugin.kz.
Лос-Анджелес Олимпиадасында футболдан ерлер командасының саны бұрынғыдай 16 емес, 12 болмақ. Ал әйелдер командасының керісінше, 12-ден 16-ға артты.
Әйелдер боксынан Олимпиада ойындарында бұрынғыдай алты салмақта емес, жеті салмақта жүлделер таратылады. Әзірге, нақты қай салмақтың қосылғаны белгісіз.
Сондай-ақ, садақ ату, гольф, спорттық гимнастика, ескек есу, үстел теннисі мен жүгіру эстафетасында тұңғыш рет аралас командалық жарыстар өтеді.
Фото: Тұрар Қазанғапов