
Еркін күрестен Қазақстан құрамасының бас бапкері Мадияр Құрамысов үш дүркін Азия чемпионы Азамат Дәулетбековтің салмақ ауыстыруына қатысты ойын айтты, деп жазады Sportbugin.kz.
«Азамат соңғы Азия чемпионатында 92 келіде күресті. Бірақ ол өзінің салмағы 86 келіге қайта ауысады. Құрлық додасының қарсаңында салмақ қуып, шаршамағанын қаладық. Оның негізгі салмағы — 86 келі және осы салмақтағы атақты қарсыластарымен теңдей күресіп жүр.
Болат Сақаев 79 келіге түседі. 125 келі салмақта сұрақтар көп. Юсуп Батырмұрзаев ота жасатты, қалпына келуде. Әлі де іріктейміз.
Ал 61 келідегі Мерей Базарбаевқа әлі деңгейін өсіру керек», — деді бас бапкер.