
Тайланд астана Бангконкта дзюдодан ерлер және әйелдер арасында Азия чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасының төрт бірдей спортшысы қола жүлдеге таласады, деп жазады Sportbugin.kz.
Іріктеу кезеңінде жартылай финалға дейін қарсылас шақ келтірмеген отандастарымыз, финалдық кезеңде жарыстың қола жүлдесі үшін күреседі.
Нұрәділ Әлжан (-60 кг) тәжікстандық Мухаммадсолех Куватовпен, дәл осы салмақта Шерзод Давлатов Өзбекстан спортшысы Бахром Ботуровпен кездеседі.
66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ержан Еренғайыпов Азия чемпионатының қола жүлдесін тәжікстандық Нурали Эмомалимен сарапқа салады.
Әйелдер құрамасынан 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұбаныш финалына жолдама алған Ғалия Тынбаева тайпейлік Чен Хао Линмен белдеседі.
Айта кетерлігі, Азия чемпионатының финалдық кезеңдері Астана уақытымен сағат 15:00-де басталады.