
Бұл күндері Астанада өтіп жатқан пара дзюдодан әлем чемпионатында Ақтөбе спортының түлегі Аяла Мереке ақтық сынға жолдама алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
J2 санаты бойынша 70 келіде сынға түсіп жатқан Аяла ширек финалда Лондон Паралимпиадасының қола жүлдегері Дуйгу Четені (Түркия) «юко» әдісі бойынша жеңді.
Жартылай финалда қазақстандық спортшы жапониялық Ацуми Нишимураны таза жеңді. Осылайша, Аяла Мереке өз мансабында алғаш рет финалға жолдама алып отыр.
Айта кетелік, пара дзюдодан әлем біріншілігінде Ақтөбе қаласынан үш атлет бақ сынауда.
Фото: Қазақстан пара дзюдо федерациясы