
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Артур Шушеначев мансабындағы жаңа кезеңді бастады — ол ресми түрде «Ақтөбе» футбол клубымен келісімшартқа қол қойды деп хабарлайды Sportbugin.kz, клубтың баспасөз қызметі деректеріне сүйене.
Тараз футбол мектебінің түлегі соңғы маусымда шетелдік ареналарда өнер көрсетті: 2024 жылы израильдік «Хапоэль Беэр-Шева» сапында ойнаған Шушеначев кейіннен Ресейдің «Сочи» командасына ауысқан болатын. Бұған дейін ол туған қаласының командасы – «Таразда», сондай-ақ алматылық «Қайратта» да тәжірибе жинақтады.
Жалпы алғанда, 258 ресми матч өткізіп, 78 голдың авторы атанған отандасымыз енді «Ақтөбенің» шабуыл шебін күшейтпек. Жанкүйерлер шабуылшыдан үлкен үміт күтуде.
Венера Умирзакова