
Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов жас спортшылардан мегаполиске кетіп жатқанын қозғады. Бұл туралы ол Aqyrys Seitqazy YouTube арнасында айтты, деп жазады Sportbugin.kz.
Оның айтуынша, көп бала оқу іздеп Алматы мен Астанаға кетіп жатады. Оларды туған жерінде алып қалу жолын қарастырып жатқанын қозғады.
– Спортшылармызды барынша алып қалу мақсатында бірнеше ЖОО-мен сөйлесіп, әкімнің де, ректордың да гранты беруді ойластырып жатырмыз. Бұл – біріншіден. Екіншіден, интернат бен колледжге алып қалып жатырмыз. Үшіншіден балалардың тұрмыс жағдайы реттемекпіз. Мысалы, спорт мектебінде оқып, жарысқа барып-келуіне қаржы бөлінбейді. Қаржы тек басқарма деңгейінде бөлініп келді. Ол өте аз, – дейді Бақдәулет Сәбитов.
Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы 1 млрд теңгеге өңірде 6 клуб ашқан. Сол клубтардың бетке ұстар 5-6 бала болса, олар қаржыны басқарма тарапынан да және клубтан да алады. Сонда бір бала кемінде 300 мың алатын жағдайдаға жетеді.
«Бұл тек қана облыстан ғана. Ал ол балалардың ішінде федерациядан, РС-тен де алады. Баланың ұрмыстық жағдайын солай шешіп жатырмыз» деді ол
– Бір спортшыларды өзге облыстар пәтеріңді, машинаңды береміз деп шақырып жатыр. Соған қарамастан ол мәселені өзіміз шешіп береміз деп кәсіпкерлермен сөйлесудеміз. Дзюдо, самбо, бокс, футбол федерациясы көмектесіп жатыр. Әлем чемпионы, Азия чемпионына көлігін, пәтерін беріп жатқаны бар, – дейді Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов.