
Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов қызметке министр тарапынан ұсыныс түскен соң келгенін сөз етті. Ол бұл туралы Aqyrys Seitqazy YouTube арнасында айтты, деп жазады Sportbugin.kz.
– Қандай қызмет болса да өзім сұранған емеспін. Министр тарапынан ұсыныс түсті. Батыс Қазақстанға барып жұмыс істеуім керек. Астанадағы тәжірибеиді сол жақта шындап, істеп көргу керек болды. Сөйтіп Батыс Қазақстанға келдік, – дейді ол.
Айтуынша, ол жақтың бюджетін, спорттық көрсеткішін елеп-екшеп, сараптап, дамыту бойынша өз жоспарын да ұсынған.
– Мысалы, осы күнге дейін көп адам Батыстан төрт олимпиада чемпионы шықты деп айтады. Данияр бауырымыз, ол осы жердің тумасы болғанымен Астананың атынан шыққан. Тағы бір-екі легионер келіп, ақшасын алып кетті. Оны да осы жерге жатқыза алмаймыз. Бұл жерде бір ғана спортшы – Екатерина Ларионова. Осы өңірдің тумасы, тұрғыны, әлі де осында тұрады. Ұлты орыс демесең, қазақтық келіні, сыйлы ана. Қарулы күштер құрылымында жұмыс істейді. Өзі жарты ставкада жаттықтырушы. Спорт мектебінен кейін өтетін жер болмаған соң спортшылар шетқары кетіп жатыр деген мәселені көтеріп, клуб ашып, оны соған тартсақ па деп жатырмыз. Өңір басшысы бізді қолдап қосымша тағы миллирад теңге бөліп, жұмысты бастап кеттік, – деді Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов.