
Әйгілі аргентинлық ойыншы Лионель Месси пенальтисіз соғылған голдар саны бойынша басты қарсыласы Криштиану Роналдудан асып түсті, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Америкалық «Интер-Майами» ойыншысы MLS-дегі соңғы матчта дубль жасап, жалпы голдар саанын 874-ке жеткізді. Оның ішінде 764 гол пенальтисіз, ойын барысында соғылған.
Роналду еншісінде 938 гол бар, оның ішінде 175 допты пенальти арқылы соққан.
Спорттық мансабында Месси жалпы есебі 1 114 матчқа қатысса, Роналду 1281 ойында бақ сынапты.
Бүгінде Месси мен Роналду футбол тарихындағы ең үздік сұрмергендер қатарында.