
Германияда өтіп жатқан жазғы Универсиада ойындарында отандық таеквондошылар төрт рет тұғырға көтерілді, деп жазады Sportbugin.kz.
Ұлттық құрама спортшылары әзірге төрт қола медаль жеңіп алды.
Атап айтар болсақ, Нодира Ахмедова (49 келі), Тамерлан Тілеулес (58 келі), Дамир Шуленов (68 келі) және Батырхан Төлеуғали (80 келі) жазғы Универсиадада үздіктер қатарына қосылды.
Әлемнің үздік бапкері Есбол Сұлтановтың жетекшілігімен спортшылар жазғы Универсиаданы сәтті өткізуде. Бүгін қазақстандық таеквондошылар тағы да жүлдеге таласып көреді.