
Күрестен Хорватияда өтетін әлем чемпионатында топ жарған қырғыз балуандары жаңа пәтерге ие болмақ. Бұл туралы Vesti.kg сайтына сілтеме жасаған Sportbugin.kz хабарлайды.
Мұндай қуанышты жаңалықты Жогорку Кенеш депутаты Бақыт Тентишев мәлемдеді.
«Бұл біздің балаларға берілген мотивация. Сондай-ақ, Қырғызстан атын әлемге танытып жүрген балуандар үшін үлкен қолдау болмақ. Мұндай бастама балуандарымыздың соңына дейін күресіп, еліміз үшін тарихи жеңіске жетуіне қосымша күш беретініне сенімдіміз», — делінген қырғыз федерациясы таратқан хабарламада.
Күрес түрлерінен әлем чемпионаты 13-21 қыркүйек күндері Хорватияның Загреб қаласында өтеді.