
Бүгін Англияның Ливерпуль қаласында бокстан әлем біріншілігі басталады. Sportbugin.kz қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластарын назарға ұсынады.
Қазақстан ерлер құрамасы:
50 келі: Санжар Тәшкенбай — Хутайфа Ешиш (Иордания)/Луис Руни (Ирландия) жұбының жеңімпазы
55 келі: Махмұд Сабырхан — Брайан Ортис (Мексика)/Амир Мохаммади (Бельгия) жұбының жеңімпазы
60 келі: Бейбарыс Жексен — Джунмилардо Огайре (Филиппин)/Лай Чу Эн (Қытай Тайпей) жұбының жеңімпазы
65 келі: Ертуған Зейнуллинов — Уго Гро (Франция)
70 келі: Төрехан Сабырхан — Юсеф Яиче (Алжир)
75 келі: Сабыржан Аққалықов — Павло Илюша (Украина)/Мухаммад Нурани (Иран) жұбының жеңімпазы
80 келі: Нұрбек Оралбай — Матвий Ражба (Украина)/Бен Эхис (Германия) жұбының жеңімпазы
85 келі: Бекзат Нұрдәулетов — Георги Кушиташвили (Грузия)/Петар Лескур (Хорватия) жұбының жеңімпазы
90 келі: Сағындық Тоғамбай — Айзек Окох (Англия)
+90 келі: Айбек Оралбай — Довлет Исламов (Түрікменстан)/Мусахит Ильяс (Түркия) жұбының жеңімпазы
Айта кетелік, журналист Қанат Байұзақовтың мәліметінше, Нұрбек Оралбай финалға дейін Тоқтарбек Таңатқан (Қытай), Жавохир Умматалиев (Өзбекстан), Робби Гонзалес (АҚШ, әлем чемпионы), Куба спортшысымен жолығуы ықтимал.