
Бокстан әлем және Азия чемпионы Бекзад Нұрдәулетов қазіргі Қазақстан құрамасының Олимпиадада алтынсыз қалуының себептерін түсіндірді. Бұл туралы ол журналист Ақырыс Сейтқазыға берген сұхбатында мәлімдеді, деп жазады Sportbugin.kz.
«Шаршы алаңда ғана емес, өмірде де жүрегіміз ел деп соғады. Өзіміз де екі Олимпиадада алтынсыз қалуымыздың себебін жан-жақтан іздейміз. Қалай елімізді қуантсақ дейміз. Екі олимпиадалық цикл, яғни, сегіз жыл бойы бокстан алтын жоқ. Енді алтын медальді 2028 жылғы Лос-Анджелес ойындарына дейін 12 жыл күтетін боламыз. Алла қаласа, алдағы ойындарда чемпион шығады деген үміттеміз.
Қазіргі құрамды қарасаңыз, бұған дейінгі боксшы ағаларымыздан еш кем емес. Қай салмақты алсақ та, қазіргі боксшылар тас-талқан болып ұтылмайды. Мұрны қанап, ұтылып жатқан жігіттеріміз жоқ. Боксшылар қолынан келгеннің бәрін жасап жатыр. Осы циклде алтынсыз қалғанымызға кінәлі емеспіз. Біздің буынның алтынсыз қалғаны менің де жаныма батады», — деді Бекзад Нұрдәулетов.