
Бүгін футболдан әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Уэльс арасындағы кездесу өтті, деп жазады Sportbugin.kz.
«Астана Аренадағы» кездесу аса тартысты өтті. Қазақстан құрамасы бірнеше рет қарсылас қақпасына қауіп төндірген.
Алайда, ойынның 24-минутында Киффер Мур соққан гол ойын тағдырын шешіп кетті.
Осылайша, Қазақстан құрамасы тағы бір маңызды матчта ұпай жоғалтты.
Фото: Vesti.kz