
Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы капитаны Асхат Тағыберген адмгершілігімен және жомарттығымен ерекшеленеді. Бұл туралы Threads желісінің қолданушысы adygulrakhat жазды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
«Асхат Тағыберген қандай адам? Алматы-Қостанай бағытындағы пойызбен Астанаға келдім. Жанымда 65 жас шамасындағы апай болды. Танысып, біліскеннен кейін апайдың «Тобыл» футбол клубында жұмыс істейтінін білдім.
Футболшылардың формасын тазалайды екен. Асхат Тағыбергеннің адамгершілігін, қолы ашықтығын естіп, риза болдым. Апайдың айтуынша, Асхат шай ішіңіз деп, тәттілер беріп кетеді екен. Сол жерде жұмыс істейтін тағы бір апай зейнетке шыққанда, 500 мың теңге беріп кетіпті.
Кейде формаларын да інілеріне береді екен. Мен оны жақсы ойыншы ретінде танитынмын, енді жақсы адам ретінде білемін», — деп жазды қолданушы.
Айта кетелік, Асхат Тағыберген ұлттық құрама сапындағы мансабына аяқтады.