
Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Тұрсынғали Еділов Олимпиада жүлдегері Нұрбек Оралбайды сынға алды. Бұл туралы ozgeris.info хабарлайды.
Еділовтің айтуынша, мәселе тек төрешілікте емес, спортшылардың өзінде.
«Нұрбек Оралбай Олимпиададан кейін тоқтап қалды. Тойдан шықпай жүрді. Бізде боксшыларға артық марапат көрсетіп, кортежбен алып жүру әдетке айналды. Егер осыны тоқтатпасақ, рингіміздің орнын тойхана басады», – деді ол.
Баапкердің пікірінше, қазақ боксын қайта өркендету үшін артық даңқ емес, тәртіп пен аштық сезімі қажет.
Айта кетелік, Тұрсынғали Еділовтің жетекшілігімен қазақ боксшылары Сидней Олимпиадасында 2 алтын, 2 күміс еншілеген.