
Санжар Тәшкенбай Ливерпульдегі (Ұлыбритания) әлем біріншілігінің ширек финалында жеңіске жетті, деп жазады Sportbugin.kz.
2023 жылғы әлем чемпионы 50 келіге дейінгі салмақтың 1/4 финалында Сингх Мандегбаммен (Үндістан) өзара мықтыны анықтады.
Жекпе-жек барысында Санжар тізгінді қолдан берген жоқ. Нәтижесінде 4:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін) әлем чемпионатының финалдық жолдамасы үшін жұдырықтасады.
Фото: Сали Сабиров