
Қазақ боксы тарихында тұңғыш рет ағайынды спортшылар әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
70 келі салмақта бақ сынаған Төрехан финалда әлемнің үздік боксшыларының бірі, жапондық Севон Оказаваны жеңіп кетті.
Төрехан Сабырхан қазақ боксы тарихындағы ең жас әлем чемпионы ретінде тіркеліп отыр. Одан бөлек, тарихта тұңғыш рет Махмұд және Төрехан Сабырхандар, ағайынды боксшылар бір әлем чемпионатында топ жарды.
Осылайша, Төрехан Сабырхан Асланбек Шымбергеновтің Оказавада кеткен есесін қайтарды.