
Бокстан Ливерпульде өтіп жатқан әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасының қоржынына алтыншы алтын түсті, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Әйелдер арасында 75 келіде сынға түскен Наталья Богданова әлем чемпионы атанды. Финалда Богданова австралиялық қарсыласын 5:0 есебімен ұтты.
Бұл Қазақстан қоржынына түскен алтыншы алтын. Бұған дейін Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева мен Төрехан Сабырхан жеңіске жеткен еді.
Фото: Сали Сабиров