
Хорватияның Загреб қаласында күрестен әлем чемпионаты жалғасуда. Бүгін әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан белдесу өткізді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Еркін күрестен 97 келі салмақта сынға түсетін Ризабек бірінші белдесуде ресейлік Магомед Курбановпен кездесті. Белдесу 5:4 есебімен қарсыластың еншісінде кетті.
Егер Курбанов финалға шыққан жағдайда, Ризабекте жұбаныш белдесуіне қатысатын мүмкіндік туады.
Еске салайық, кеше отандық еркін күрес шеберлері 2 қола медаль алды. Асылжан Есенгелді (61 келі) мен Нұрғожа Қайпанов (70 келі) үздік үштікке енген.