
Хорватияның Загреб қаласында күрестен әлем чемпионаты жалғасуда. Бүгін грек-рим күресінен екі спортшымыз жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Грек-рим күресінен 60 келі салмақта сынға түскен Айдос Сұлтанғали іріктеуде АҚШ пен Израиль балуандарын жеңді. Ал ширек финалда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, Солтүстік Корея өкілі Се Унг Риден басым түсті.
Айдостың жартылай финалдағы қарсыласы — Еуропа чемпионатының жүлдегері, грузиялық Амиран Шавадзе.
72 келі салмақта бақ сынап жатқан Мерей Мәулітханов да жеңіліссіз келеді. Ол алдымен Финляндия балуанын жеңсе, кейін 2022 жылғы әлем чемпионы, сербиялық Али Арсаланды 5:2 есебімен қапы қалдырды.
Ширек финалда Мерей Токио және Париж Олимпиадасының финалисті, украиналық Парвиз Насибовты 5:4 есебімен жеңді.
Мерей Мәулітхановтың жартылай финалдағы қарсыласы — әлем және Еуропа чемпионы, франциялық Ибрагим Ганем.