Дубайда өтіп жатқан бокстан ІВА әлем чемпионатында алты қазақ боксшысы жүлдеден үмітін үзді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Бүгінгі жарыс күнінде Серік Теміржанов (60 келі) тәжікстандық Акмаль Убадовтан 0:5 есебімен жеңілді.
67 келідегі Санатәлі Төлтаев Олимпиадаа чемпионы Асаходжа Муйдинходжаевқа жол берді.
Аса ауыр салмақтағы Нұрлан Сапарбай армениялық Давид Чалояннан ұтылып қалды.
Бұған дейін Ерасыл Жақпеков (80 келі), Нурмогамед Юсупов (92 келі) және Дәулет Төлемісов (86 келі) қарсыластарына есе жіберген болатын.
