Дубайда өтіп жатқан ІВА әлем біріншілігінде қазақстандық Сабыржан Аққалықов турнирдің жартылай финалын жолдама алды, деп жазады Sportbugin.kz.
75 келіде бақ сынап жатқан Сабыржан ширек финалда израильдік боксшыны оңай жеңді.
Оның жартылай финалдағы қарсыласы — өзбекстандық әлем чемпионы Фазлиддин Еркінбоев. Фазлиддин Ливерпульде өткен World Boxing әлем біріншілігінде топ жарған.
Аталған әлемдік сында Аққалықов бірінші айналымда жеңілген болатын.
Фото: olympic.kz
