Хоккейден бірінші дивизионның «А» тобындағы әлем чемпионатында Қазақстан жастар құрамасы Францияны 14:6 есебімен жеңді, деп жазады Sportbugin.kz.
Антон Васин шәкірттері қаарсыластан 0:2 есебімен ұтылып жатқан. Алайда, екінші кезеңде тізгінді қолға алып, үшінші кезеңде Франция қақпасына 9 шайба соқты.
Матч барысында Асанәлі Саркенов төрт шайба соқса, оның інісі Әлішер Саркенов екі рет қарсылас қақпасын дәл көздеді.
Ал шабуылшы Виталий Божко екі шайбаны өз еншісіне жазды.
Турнир кестесінде Қазақстан құрамасы екінші орында келе жатыр.
