

Оразбек Асылқұлов Дубайдағы ІВА әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
57 келі салмақта жұдырықтасқан Асылқұлов ақтық сында тәжікстандық боксшыны 5:0 есебімен жеңді.
Осылайша, Қазақстан қоржынына әлем чемпионатының екінші алтыны түсті.
Бұл ұзақ жылдар бойы ұлттық құрамада келе жатқан Оразбек Асылқұловтың әлемдік деңгейдегі алғашқы жеңісі.
Құтты болсын!




