Астана қаласында Қазақстан бокс федерациясының кубогі өз мәресіне жетті. Финалда Шымкент командасы Астана қаласының боксшыларынан 9:6 жалпы есебімен жеңіп, кубок иегері атанды.
Аймақтардағы боксты дамытуға бағытталған жоба біраз жыл үзілістен кейін қайта жаңғыртылған еді. Жүлде қоры 150 мың АҚШ долларын құрайтын жарыс нәтижесінде үздіктер төмендегідей:
1 орын. Шымкент қаласы — 80 000 АҚШ доллары және арнайы ауыспалы кубок
2 орын. Астана қаласы — 40 000 АҚШ доллары
3 орын. Қарағанды облысы — 20 000 АҚШ доллары
4 орын. Маңғыстау облысы — 10 000 АҚШ доллары
Қазақстан бокс федерациясының бас серіктесі — «Самұрық Қазына» АҚ, серіктес — «Sport Qory» туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.
