Қазақстан күрес федерациясына кімнің Бас хатшы болатыны анықталды. Бұл туралы Sportbugin.kz сайтының сенімді дереккөзі хабарлады.
Бас хатшылық қызметке ертеңнен бастап Дамир Бекбосынов кіріседі. Ол бұған дейін Қазақ күресі Ассосациясының бас директоры қызметін атқарған.
Яғни, күрес федерациясының жаңа президенті Еркін Оқасовтың орынбасары міндетінде болған. Оқасов та бұған дейін Қазақ күресі Ассосациясында қызмет еткен.
Бекбосыновтың қызметі туралы ақпарат көп емес. Бір анығы, ол наурыз айында United World Wrestling ұлттық күрес түрлері комитеті атқарушы кеңесінің мүшесі атанды.
Айта кетелік, бұған дейін Қазақстан күрес федерациясының Бас хатшысы міндетін Дәулет Тұрлыхановтың бауыры Димаш Сұлтанов атқарған болатын.
