14-21 қазан Семей қаласындағы «Abai Arena» спорт кешенінде бокстан ерлер және әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Біріншілікке 20 аймақтан 371 боксшы қатысады: 246 ер және 125 әйел.
14 қазан жарыстың жеребесі тартылады, ал ашылу салтанаты 15 қазанға жоспарланған. Ақтық жекпе жектер 21 қазан күні өтеді. Айта кететін жәйт, Қазақстан чемпионатының нәтижесінде 2026 жылға Ұлттық құрама мүшелері іріктеледі.
Салмақ дәрежелері:
Ерлер 50 келі, 55 келі, 60 келі, 65 келі, 70 келі, 75 келі, 80 келі, 85 келі, 90 келі, +90 келі.
Әйелдер 48 келі, 51 келі, 54 келі, 57 келі, 60 келі, 65 келі, 70 келі, 75 келі, 80 келі, + 80 келі. Қазақстан чемпионаты тікелей эфирде QAZSPORT телеарнасында көрсетіледі.
Жарыстың басталуы: 15 қазан 13:00
Финал: 21 қазан 12:00
Қазақстан бокс федерациясының бас серіктесі — «Самұрық Қазына» АҚ, серіктес — «Sport Qory» туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.
