2025 жылдың 26 желтоқсанында Катар астанасы Дохада FIDE жылдам және блиц шахматтар бойынша әлем чемпионаты басталды, деп жазады Sportbugin.kz.
Турнир бес күнге (26-30 желтоқсан) созылады және төрт әлем чемпиондық атағы сарапқа салынады. Жүлде қоры – 1 миллион евро, оның 300 мың еуросы әйелдер жарысына бөлінген.
Қазақстан намысын тоғыз шахматшы қорғайды. Олар арасында экс-әлем чемпионы, блицте 2 дүркін әлем чемпионы (2021, 2022) Бибісара Асаубаева команда көшбасшысы ретінде топ-5 рейтингтегі ойыншылар қатарына кіреді.
Бибісара осы чемпионатта үшінші рет әлем чемпионы атағын жеңіп алу үшін белсенді күресуде.
Турнирге әлемнің 43 елінен 141 шахматшы қатысып, үздік титулдар үшін тартыс жоғары деңгейде өтуде.
Айта кетейік, отандық спортшының Бас серіктесі – «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ АӨ, Серіктесі – SportQory, спортты қолдау қоры.
