Бибісара Асаубаева блиц бойынша әлем чемпионатында үздік бестікке енді, деп жазады Sportbugin.kz.
Қазақстандық шахматшы, блиц шахматтан екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Катар астанасы Дохада өтіп жатқан жылдам және блиц шахматтардан әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетіп жатыр.
Әйелдер арасындағы блиц турнирінде 10 турдан кейін отандасымыз 7,5 ұпай жинап, аралық кезеңде 5-орынға жайғасты.
Асаубаева турнир барысында бірқатар мықты қарсыластарын жеңіп, чемпиондық үшін күреске толық дайын екенін көрсетті. Алда шешуші партиялар бар, нәтижесінде жүлделі орындар мен әлем чемпионы атағы сарапқа салынады. Турнир әлі аяқталған жоқ,
қазақстандық шахматшының медаль үшін күресуге мүмкіндігі жоғары.
Айта кетейік, отандық спортшының Бас серіктесі – «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ АӨ, Серіктесі – SportQory, спортты қолдау қоры.
