Бокстан әлем кубогінің жеңімпазы, 2019 жылғы әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов әуесқой бокстағы мансабына қатысты маңызды шешім қабылдады, деп жазады Sportbugin.kz.
«Жарақатыма байланысты әуесқой бокстағы мансабымды тоқтатсам деген шешімге келдім. Бұл шешімді дәрігермен, бапкерлеріммен және отбасыммен ақылдаса отырып қабылдадым. Әйтпесе, Лос-Анджелес Олимпиадасына қатыссам деген ойым болған. Бірақ, ерте ме, кеш пе, бәрі де бітеді ғой.
Ал кәсіби бокстан алыстадым дей алмаймын. Ұсыныстар түсіп жатыр. Кәсіби шаршы алаңдағы жекпе-жектерім жалғасатын шығар. Бұл қазіргі қызметіме де кедергісін келтірмейді», — деді Нұрдәулетов.
Айта кетелік, Бекзад Нұрдәулетов жақында Маңғыстау облыстық мамандандырылған спорт мекбетінің директоры болып тағайындалған еді.
