Алматы облысының дзюдо федерациясы жазғы Азия ойындарында финалға шыққан спортшыларға тағы бір сыйлық бермекші, деп жазады Sportbugin.kz.
Облыстық дзюдо федерациясының басшысы Алмас Текебаев жазғы Азия ойындарында финалға шыққан балуанға бағалы қол сағатын тарту етпек.
Азия ойындарында финалға шыққан Алматы облысының дзюдошыларына Perspectiva орталығы жапондық заманауи бренд Maikou Bode сағаттаарын сыйлайды.
Айта кетелік, бұл челленджді Алматы облыстық дзюдо федерациясы бастады. Бұған дейін Азия ойындарында финалға шыққан облыс спортшысына қымбат автокөлік табысталатынын хабарлағанбыз.
Биылғы Азия ойындары Жапонияның Нагоя қаласында өтеді.
