Әйелдер күресінен Қазақстан командасының бас бапкері тағайындалды, деп жазады Sportbugin.kz.
Бұдан былай күрестен Қазақстан әйелдер құрамасын Нұрсұлтан Теміров жаттықтырады. Ол әлем чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері Жәмила Бақбергенованың жеке бапкері ретінде танылған.
Нұрсұлтан Теміров – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша тамамдаған. Сонымен қатар, мемлекеттік басқару саласы бойынша магистр (ESIL UNIVERSITY) дәрежесіне ие.
Нұрсұлтан Теміровтің еңбек жолы:
• 2014-2016 жж. – «Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ әйелдер күресінен жаттықтырушы-оқытушы;
• 2016-2019 жж. – ҚР жасөспірімдер және жастар құрамасының жаттықтырушысы;
• 2019-2022 жж. – әйелдер күресінен ҚР құрамасының аға жаттықтырушысы;
• 2022-2025 жж. – әйелдер күресінен ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы;
Нұрсұлтан Маратұлы «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағына ие. Сонымен қатар, 2022 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан «Жылдың үздік жаттықтырушысы» деп танылған.
Оның жетекшілігімен және тікелей қатысуымен халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғап жүрген бірқатар спортшылар тәрбиеленді. Олардың қатарында Әлем чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері Жәмиля Бақбергенова, Мадина Бақбергенова және басқа да спортшылар бар.
