Хорватияның Загреб қаласында күрес түрлерінен халықаралық рейтингілік турнир аяқталды, деп жазады Sportbugin.kz.
Соңғы жарыс күні отандастарымыз грек-рим күресінен 1 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды. Ислам Евлоев 97 келіге дейінгі салмақта финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды.
Ал Ербол Камалиев (60 кг), Аманғали Бекболатов (60 кг), Алматбек Аманбек (72 кг), Ибрагим Магомадов (82 кг) және Олжас Сырлыбай (130 кг) жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Өкінішке қарай, әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали мен Олимпиада жүлдегері Демеу Жадыраевтар бұл жарыста жеңіс тұғырынан көрінген жоқ.
