Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында қысқа бағдарламада өнер көрсетті, деп жазады Sportbugin.kz.
Отандық спортшы төрешілердің шешімімен 68.47 ұпай еншілеп, әзірге 12-орынға тұрақтады. Осылайша, еркін бағдарламаға жолдама алды.
Қысқы бағдарламадан соң жапониялық Ами Накаи 78.71 ұпаймен қысқа бағдарламадан кейін аралық есепте көш бастады. Екінші орында тағы бір жапон қызы Каори Сакомото, үшінші сатыда америкалық Алиса Лью келе жатыр.
Айта кетейік, еркін бағдарлама 19 ақпанда өтеді.
Фото: Сали Сабиров
