Еркін күрестен Беларусьтің Минск қаласында өткен Александр Медведь Гран-при турнирінде қазақтың жас балуаны Едіге Қасымбек жеңіске жетті, деп жазады Sportbugin.kz.
125 келі салмақта сынға түскен Едіге финалда беларусь Денис Хроменковты 5:4 есебімен жеңді. Айта кетелік, бұған дейін Едіге Қасымбек жастар арасындағы әлем чемпионы атанған.
Одан бөлек, қазақстандық еркін күрес шеберлері 2 күміс, 7 қола медаль жеңіп алды.
